«Күніне 72 мың теңге»: Шетелде қарға қуғаны үшін айына миллиондап ақша табатын қазақ жігіті елді өзіне қаратты. Сонымен бірге бүгінде қазіргі таңда Ұлыбританияға ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысқа барушылар көбейген.

Сонымен бірге бүгінде қазіргі таңда Ұлыбританияға ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысқа барушылар көбейген, деп хабарлайды Сaravan.kz. медиа-порталы.

Бұған дейін қазақ жастарының біразы Англияда құлпынай терумен айналысса, енді олар үлкен алқаптардағы қарғаларды үркіту жұмысына кіріскен. Желіде көптің назарына іліккен видеода қазақ жігіті дәл осындай тәжірибесімен бөліскен.

«Бәріне қайырлы таң, Англияда сағат таңғы бес жарым. Қолымда мынадай зат бар, менің ең бірінші жұмыс күнім. Менің жұмысым – мынау үлкен алаң, білмеймін бірақ бұл жерде не өсетінін? Менің бірақ жұмысым – мынамен қарғаларды қуу. Сосын сөмкемде жарылғыштар да бар, соларды атып жүремін. 12 сағат, сағатына 6 мың теңге. Сонда бір күнге 72 мың теңге. Менің жұмысым қарғаларды қуып жүремін – күлкілі бірақ күшті жұмыс», – дейді ер адам.

Оқырмандар ер жігіттің еңбекқорлығына тәнті болған. Олар: «Жарайсыз», «Еңбек бәрін жеңбек, қарға қуса да несі бар? Таза еңбек» деп жазуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!