Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.
1995 жылдың 18 қазанында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықты көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік.
Г. Есентай,
Мемлекеттік сот орындаушы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!