Ағаш шебері Садыков Пахриддин суреттегі бұйымдардың авторы.

Нарқобыз жәдігерінде кітаптың бейнесі жасалған. Бұл білімнің қашанда таусылмас қазына екенін көрсетеді. Сондай-ақ қобыздың ортаңғы бөлігіне бесік қойылған, ал төменгі бөлігінде қазан орналастырылған. Мәні терең мағынасында қазағымыздың қазаны оттан түспесін деген ізгі тілекті білдіреді. Жанында жеті құлақшасы бекітілген. Бұл жеті киелі сан, жеті қазына, жеті апта  және жеті нан секілді қазақи құндылықтардың мағынасын беріп тұр. Қобыздың төменгі жағына асық оюлап қойылған, бұл асығың алшысынан болсын дегенді меңзейді.

Жәдігер Мұражайға 2015 жылы түскен, биіктігі – 127, тұғыры – 28, қобыздың ені – 29. Шебердің қолымен ойып жасалынған.

Жібек Жандосбекқызы,

208 орта мектебінің

11- сынып оқушысы.

Жаңақорған ауданы

Кейден ауылы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!