Фото: AP Photo / Alex Brandon
Sputnik. АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп өзінің ұлықтау рәсіміне дейін Украинадағы жанжалды реттеуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Мичиганда сөйлеген сөзінде айтты.
«<…> Біз президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай Ресей мен Украина арасындағы осы қорқынышты соғысты реттеймін. Мен «үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын» деп мәлімдей алатын жалғыз адаммын», – деді ол.
Ақ үйдің бұрынғы басшысы 27 маусымда өткен сайлауалды пікірталас кезінде қайта сайланбай тұрып, 2025 жылдың 20 қаңтарында ант бергенге дейін қақтығысты шешуге уәде берді. Сонымен бірге ол егер Мәскеу Америка президентін құрметтесе, Украинадағы қақтығыс «ешқашан болмас еді» деп мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!