Фото: Sports.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!» — деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанғанын хабарладық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!