Фото: aikyn.kz

Бұл туралы Аikyn.kz сайты TyC Sports арнасының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз жалпы құрама ретінде осы сәттің рахатын сезінейікші. Дәл қазіргі қуанышымды өзім секілді басқа да жандармен бөлісемін. Сондай-ақ Ди Мария мен Отаменди сияқты бойымда үлкен қуаныш кернеп тұр және бұл футбол майданындағы соңғы қадамдар екенін түсінемін», – деді Месси TyC Sports арнасына берген сұхбатында.

Айта кетелік, аргентиналықтар биылғы Америка кубогының финалына шықты. Ақтық сында Аргентина құрамасы Колумбиямен кездеседі. Шешуші кездесу 15 шілдеде сағат 05:00-де өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!