Қызылордалық “Қайсар” футбол клубына 2025 жылға 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев клубтың биылғы бюджеті туралы ақпарат берді. Алайда, бұл қаражаттың жартысы команданың бұрынғы қарыздарын жабуға жұмсалатынын атап өтті. Клуб басшылығы соңғы алты айда шетелдік және қазақстандық футболшылардың жалақысын толық төлей алмағанын хабарлады.

«Биылғы маусымда “Қайсар” ішкі чемпионатта тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсететін болады. Артаев бұл шешімнің оңай болмағанын айта келе, клубтың Қазақстан премьер лигасында легионерсіз ойнауы қиын екенін мойындады. “Бұл – үлкен тәуекел. Алғашқы кезеңде бәріне оңай болмайтыны анық. Бірақ, бұл қадам арқылы 2-3 жылдан кейін мықты қазақстандық ойыншылардан құралған команда құрамыз деп сенемін. Клубтың биылғы мақсаты – жоғары дивизонда қалу. Бізде басқа клубтардағыдай 5-6 миллиард теңге бюджет жоқ”, – деді Бақтияр Артаев.

Бұған қоса, демеушілер есебінен қосымша 500 миллион теңге қаражат тарту көзделіп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!