Фото: видеодан кадр/instagram.com/kazkyokushin_official

KAZINFORM – Қызылорда қаласында каратэнің киокушанкай-кан жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының үздіктері анықталды.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан 700-ге жуық спортшы екі күн бойы жекпе-жек өткізді. Олар ката және кумитэ жүйелерінен сынға түсті.

Қазақстан кубогында астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олардың еншісінде барлығы 54 (22 алтын, 15 күміс, 17 қола) медаль бар.

Ал Ақмола облысының командасы 18 (8-7-3), Ұлытау облысы 21 (7-4-10) медаль еншіледі.

Жарыс барысында спортшылар биыл маусым айында өтетін Азия чемпионатына жолдамаларды сарапқа салды.

Сондай- ақ, дан-тест емтиxанынан өткен спортшыларға қара белбеу табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!