Қызылорда қаласында жол көлік инфрақұрылымын дамыту және қала тұрғындарының негізгі мәселелерін шешу мақсатында 2023 жылы соңғы үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар жеткізілді.

Осы қоғамдық көліктер қалаішілік бағыттарда халыққа қызмет көрсетуде.2023 жылдың 27 наурызынан бастап Арай мөлтек ауданы мен Талсуат ауылдық округі аралығында №31 бағыттағы қоғамдық көліктер үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустармен халыққа қызмет көрсететіндігін хабарлаймыз.Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстарды қала әкімдігі үнемі назарда ала отырып, жұмыстарды жалғастыратын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!