Жуырда Google Android операциялық жүйесіне жаңа функция қосады. Олар – навигация, gboard эмодзи гибридті қосымшасы, дыбыстық қосымша, google play аудио кітабы мен өзге де мобильді қосымшаларға қатысты жаңашылдықтар.

Нақты айтар болсақ, google картасына go қызметі енгізіледі. Енді қолданушы мекен жайды енгізбей-ақ қажетті жерге тез барады. Ол жерде маршрут, жолдағы апат пен кептеліс және жету уақыты көрсетіледі. Тағы бір тиімді тұсы, бұрын барған жеріңізді қосымшада сақтауға болады. Бірнеше жол ұсынылған кезде тез апаратын бағытты да көрсетеді. Екінші жаңалық, Google өкілдері gboard гибридті стикерлер санын арттырады. Бұрын жүздеген стикер болса, жаңартылған соң, оның саны – 14 мыңға артты. Енді эмодзилердің бірнешеуін таңдау арқылы оларды біріктіріп, жібере аласыз.  Үшінші жаңалық, google өкілдері АҚШ пен Ұлыбританиядағы баспахана иелеріне диктор деген жаңа бағдарлама әзірлеуде. Ол кітаптың аудио нұсқасын жасауға арналған. Бұл құрал қазір тексерілу үстінде. Сынақ сәтті өтсе келер жылы баспаханаға таратылады және дыбыс арқылы іздеу жеңілдейді. Мысалы, кейбір элементтерді дауыс арқылы басқаруға қатысты да өзгешеліктер енгізіледі деген болжам бар және бірнеше ай бойы aуто қызметін қолдау 36 елде кеңейе түседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!