Ұсталғандар арасында кәмелет жасына толмағандар да бар.

2022 жылы Қазақсанда теракт туралы жалған ақпарат таратуға қатысты 138 қылмыстық іс қозғалған. Оның 20-ы сотқа жетіп, сегізі түрмеге қамалған деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы, осындай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 адам ұсталған, оның 17-і жазаға тартылған: сегізі бас бостандығынан айырылды, бесеуінің жүріп-тұруы шектелді, екеуі шартты жаза алды, тағы біреуіне айыппұл салынған. 

“Терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат таратқандарға 5 мың АЕК айыппұл (2022 жылы бұл – 14,5 млн теңге) салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе бас бостандығы 5 жылға дейінгі мерзімге шектеледі немесе бас бостандығынан айырылады”, – деп ескертті ішкі істер қызметкерлері. 

Ұсталғандар арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Олардың біреуінің ата-анасы жазаға тартылған: бала тәрбиесіне қатысты міндетін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл төлеген. 

“Бұл қылмысты жасаған 14 жасқа толған адамдар да қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектепте оқитындар есте ұстауы керек”, – дейді ішкі істер қызметкерлері. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!