ЗК-169/5 мекемесінде «Мен донормын» шарасы өткізілді. Онда облыстық қан орталығының мамандары қызметкерлердің қан құрамы мен гемоглобин мөлшерін тексеріп, донорлардың қанын жинақтады. Өтеусіз қан тапсырып, адам өміріне арашашы болуға ниеттілер қатары жылдағыдан артып келеді.

  • Жыл сайын қан тапсыруға ниетті адамдардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Бүгінгі шараға да жасы мен қызметіне қарамай, ниет білдіргендердің қатарының артып отырғандығын көріп қуанып отырмыз. Мұндай сауапты іске белсене қатысқан донорларымызға айтар алғысымыз да шексіз. Жалпы, қан тапсыру сауапты іс әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жасқарып, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады,-дейді облыстық қан орталығының дәрігер-терапевті Фаризат Асылбекқызы.
    Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жарас Ауешов те дәрігердің сөзін қуаттады. Оның айтуынша Жыл бойы мекемеде «Мен донормын» акциясы өткізіліп тұрады. Акцияға қатысқан адамдардың ішінен тұрақты қан доноры болуға шешім қабылдағандар бар. Қан беру — өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең.
    Қан – адам өмірінің айнымас бөлшегі. Сондықтан да әлемде жыл сайын миллиондаған адам қан құюға мұқтаж болады. Күрделі операцияларда, ауыр босануда, сондай-ақ гемофилиямен және қан аздықтың салдарынан туындайтын ауруларға тек қан керек. Сондықтан қан беру – сауапты іс. Осыны ескергендер акцияға белсенді қатысты.

ЗК-169/5 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!