Президенттің бір сағаттық мәлімдемесін ұйып отырып тындадық. Өйткені соңғы оқиғалардан кейін мұны ел асыға күтті. Мемлекет басшысының арқасында барлық қиындық артта қалады деген үміттеміз. Үндеуде халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, қайта қалпына келтіру міндеттері тапсырылды.

Содан соң мына сөз ойы­ма оралды. «Әскери қызмет – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы» деген қазақтың батыр ұлы батыр Бауыр­жан Момышұлы. Ал осы ар­дақты боры­шын жас­тар қазір қалай өтеуде? Бұл тұста ақ­сап от­қа­нымыз жасы­­рын емес. Бүгін­де жас­­тар­дың әс­кер­ге бар­ған­нан  гөрі қызмет қы­лып, ман­сап қуғанды мақ­­сат санай­тын­дары байқа­лады. Мә­се­лені шешу үшін қаншама жұмыс жасалды, әлі де жүргізіліп келеді. Десе де жастар асы­ғар емес. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ілікті.

 – Көптеген жастар Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айрықша миссия. Бұл – Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

 Қасым-Жомарт Тоқаев мықты халық екенімізді, төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты және басқа да алапат қиындықты бастан өткергенімізді баса айтты.

«Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық». Ата Заңымыздың 34-бабында «ҚР қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы әрі міндеті» екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Бойындағы бұла күшін бір-біріне емес, елді қорғауға жұм­сайтын жауынгерлер керек. Сонда ғана шекарамыз шегендеулі, ше­біміз мықты ел боламыз.

Гүлмира ПІРІМЖАНОВА,

ҰҚК ШҚ облыс бойынша департаментінің қызметкері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!