Кіндік қаным тамған жерім қазағым,
Толып тұрғой қарап отсам азабың.
Табиғаттың сұлулығын қарасам,
Басқа елге қалайша аяқ басамын.

Өз елімді басқа елмен теңедім,
Әр қазаққа сенім артып келемін.
Бір қазақта болар менің жалғызым,
Болашағым байрақ болад(ы) сенемін!

Жүрғой шетте қаңғырып қайран жұртым,
Қарап тұрғой алыстан жалғыз ұлтың.
Туған жерден алыстап кеткеннен соң,
Қан құса боп төгілді бір-бір ұртың.

Туған жерге еш баға жете алмайды,
Ешбір жан елден жырақ кете алмайды.
Ауасынан тыныстап кай бір ақын,
Далаға жыр арнамай өте алмайды.

Мерей ҚАЛАБАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!