Премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеу үшін үкіметтік комиссия құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комиссия басшысы болып вице-премьер Ералы Тоғжанов тағайындалды.

Комиссия құрамына Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин кірді.

Комиссия өкілдері ертең Ақтауға барады.

Еске салайық, жексенбі, 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттаған сұйытылған  газ бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халықтың түсіндірмесі қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.