Қызылорда облысының Әділет Департаментімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қарттармен кездесу өтті.

Жиынға департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Қосбергенова, мемлекеттік сот орындаушы А.Оразбаева және адвокат Х.Алиев қатысты. Аталған орталықтағы қарттар еңбек өтілін қайта есептеу, тұрғын үй кезегіне тұру, жәрдемақы мен зейнетақы тағайындау т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өз кезегінде мамандар тарапынан жеке-жеке құқықтық кеңестер берілді. Сондай-ақ, ондағы қызмет алушыларға «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы ҚР Заңына сәйкес тегін заң көмегі көрсетіліп, аталған заң аясында кімдер тегін заң көмегін алатындығы туралы толық түсіндірмелер берілді.

Қызылорда облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!