Фото: adyrna.kz

Иранда, 5 шілде күні кезектен тыс президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтіп, нәтижесінде Ислам Республикасының басшысы болып парламент мүшесі және бұрынғы денсаулық сақтау министрі Масуд Пезешкян (Пезешкян) тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Tasnim агенттігі елдің сайлауалды штабының баспасөз хатшысына сілтеме жасап мәлімдеді. 

Қорытынды шешім Иран ішінде және одан тыс жерлерде алынған 30 530 157 дауысты санау нәтижесінде шешілді. Пезешкянға 16 384 403 ирандық дауыс берсе, Джалилиге 13 538 179 дауыс берді.

Жергілікті БАҚ сайлау күні жазғандай, сайлау учаскелері ашылғаннан кейін Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи алғашқы бюллетеньді жәшікке салды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!