Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен.

Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитеті тікұшақ қатты қонған кезде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады» деп хабарлады комитет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!