Үкіметінің баспасөз хатшысы Қанат Күлшманов журналистер енді брифингтен кейін министрлерге тосын сұрақ қоя алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкіметінің баспасөз хатшысы Қанат Күлшмановтың айтуынша, енді министрлер брифингті онлайн форматта өткізеді.

«Үкімет отырысы онлайн форматта өтеді. Министрлер баяндамасын оқиды да, отырыс аяқталғаннан кейін онлайн брифингтерде барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Қоғаммен, журналистермен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында үкіметтің барлық мүшелері өз алаңдарында брифингтер өткізеді», – деді баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің басшысы бұл тиімділікті, жеделдікті және бюрократияның алдын алатынын және жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ екенін айтты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!