Әлеуметтік желілерде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әртүрлі көрмелерде заттарды тегін алудан бас тартқан видеосы пайда болды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ролик президент телерадиокешінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Видео желіде жылдам тарап кеткен.

Видеоның басында Тәжікстан мемлекеті ұйымдастырған көрмеде қатысушының Қазақстан президентіне сый ретінде әмиян ұсынғанын көруге болады. Ал Қасым-Жомар Тоқаев бұл сыйдан бас тартып: “Мен ешқашан тегін нәрсе алмаймын. Қазақстанда өтетін көрмелерде де бәріне ақша төлеймін”, – дейді.

Бұдан әрі әртүрлі көрмелерде президенттің сауда жасаған кадрлары көрсетіледі.

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап жатыр. 

“Өзгенің еңбегін бағалаған адам”, “Дұрыс, тегінге құмар адамдар ұнамайды. Әр заттың, әр еңбектің өз құны бар. Адам еңбегін бағалау керек”, “Президентіміз өте қарапайым, өте ақылды адам!”, – деп жазды олар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!