Білім беру нысандарына кіруге рұқсат берудің жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу-ағарту министрлігі білім мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігін қамтамсыз етуді одан әрі жетілдіру мақсатында: білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейтуді; қауіпсіздік жүйелеріне мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отыруды; білім беру нысандарына кіруге рұқсат берудің жаңа тәртібін әзірлеп, енгізуді; балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие жұмысын жаңғыртуды; педагогтерді қайта даярлау бағдарламаларына балалар қауіпсіздігіне қатысты жаңа курс модулін енгізуді іске асырамыз», – деді Ғани Бейсембаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!