stan.kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны Айгерім Хабидуллина қаңтар айында ғана аудандық пошта бөліміне жұмысқа кірген. Алғашқы жалақысын алған кезден бастап, «Сәтті Жұлдыз» лотерея билеттерін сатып алып, демалыс күндері лотерея тираждарын тамашалап жүрді. Тамыз айында күтпеген ұтысқа қолжеткізіп, бір сәтте өмірі өзгерді

Айгерім лотереяға қатысуды хоббиім әрі жұмыс пен үй тірлігінен демалыс деп біледі. Ол бұрын лотереяға қызығушылық танытып көрмеген. Алайда өзі поштаға жұмысқа тұрғаннан кейін сол бөлімшенің сөресінде тұрған билеттерді көріп, бағын сынап көргісі келген. 

«Өзім жұмысқа тұрғаннан кейін тапқан алғашқы жалақымды алып, оған лотерея билет алып көргенді жөн санадым. Ай сайын жалақымды алғанда, лотерея билетін сатып алуды әдетке айналдырдым. Осыған дейін 20-30 мың теңге көлемінде ұтыстар ұтып алып жүрдім», – дейді Айгерім.

Ол осындай кішігірім ұтыстарды алмай тұрып, өз ісіне күмәні болғанын айтады. Алайда алған билетінің құнын еселеп шығаратын 20-30 мың теңге көлеміндегі ұтыстардан кейін сенімі арта түскен.

«Мен осынша аз уақыт ішінде үлкен жүлде ұтып алу мүмкін деп ойламадым. Алайда кішкене ұтыстың өзі үлкен қуаныш сыйлайтынын түсіндім. Осы айдағы жалақымды алғанда тағы билет алып көрейін деп ойладым», – дейді ол.

Айгерімнің бұл талпынысы да текке кетпеген. Небәрі 8 ай лотереяға қатысып жүрген ол, жаздың соңғы күндерінде үлкен қуанышқа бөленіп,  лотереядан 2 миллион теңге ұтып алды.

«Өзімнің лотереядан 2 миллион теңге ұтып алғанымды естігенде, бастапқыда мүлдем сенген жоқпын. Бұл мүмкін емес деп ойладым. Кейін жеңгенімді түсінгенде қуанышымда шек болмады», – дейді жеңімпаз.

Айгеріммен қоса, ұтысқа оның отбасы да қатты қуанған. Себебі бұл ұтыс отбасының қаржылық жағдайын реттеуге көмектеспек.

«Ұтыстың бір бөлігін, яғни 1 миллион теңгені несиені жабуға жұмсаймын. Ал қалған 1 миллион теңгені депозитке салып, балаларымның болашағына деп сақтамақ ойым бар», – деп бөлісті Айгерім.

Жеңімпаз алдағы уақытта да лотерея билеттерін сатып алуды жалғастыратынын айтады. Бұл оның миын тынықтырып, күйбең тіршіліктен демалуына мүмкіндік береді. Ол өзгелер де ғажайыпқа сенсе, үлкен жетістікке жетуі мүмкін екенін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!