Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды», — делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Ақорда таратқан суреттердің бірі көпшіліктің назарын аударды. Бір топ азулы бизнесмендермен бірге Қ.Тоқаевтың жанында тұрған әйел кім деген заңды сұрақ туындады. “Ұлысмедиа” ол сенатор Зәкіржан Кузиевтің қызы екенін анықтады.

Rupep.org сайтындағы мәліметке сәйкес суреттегі қыз Замира Кузиева. 1996 жылы туған. Соңғы жұмыс орны — «Единый Консолидирующий Центр» ЖШС басқарушы директоры.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!