Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиал төрағасы қызметіне «Сыр бойы» газетінің редакторы Қуат Шарабидинов сайланды.

Қуат Әбішұлы Шарабидинов журналистикадағы еңбек жолын «Сыр бойы» газетінен бастаған. Әр жылдары жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының редакторы, «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметтерін атқарды.      

2018 жылдан бастап 90 жылдан астам тарихы бар облыстық «Сыр бойы» газетінің редакторы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!