Алғыс айту күні – бейбітшілік пен достық мерекесі. Елімізді тыныштық пен ынтымаққа үндейтін күн. Дәл осы айтулы күні еліміздің әр өңірінде кеңқұшақ құрмет пен алғаусыз алғыс айтылады.
Бүгін Жастар ресурстық орталығының бастамасымен шаһарымыздың шырайын келтіріп, азаннан қара кешке дейін қала көшелерінің тазалығына жауап беретін бірден-бір мекеме «Қызылорда тазалығы» КММ-нің қызметкерлеріне, оның ішінде көше тазалықшыларына мереке қарсаңында ыстық шәй мен тәтті бәліштер таратылып, жастар акциясы ұйымдастырылды.
Жастар тазалық қызметкерлеріне қала тазалығы үшін алғыс айтса, тазалықшы аға-әпкелер ақ батасын беріп тарқасты.

Шаһизада ИСА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!