Тарихқа көз жүгіртіп, өткеніне зер салу арқылы ұлттың бүгіні мен болашағын тани аламыз. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхана мен Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейінің тарих пәнінің бірлестігі бірге ұйымдастырған «Ұлы дала хандары» атты тарихи кеш – соның айғағы.

Кешке бірлестік ұстаздарынан бөлек мектептің 8-11 сынып оқушылары да белсене атсалысты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Аманкүл Азирбекова, Абай атындағы ДБА мектебінің тарих пәнінің ұстазы Асқар Шарманов және «Ақмешіт жастары» газетінің редакторы Мөлдір Қалымбет қатысып, қонақ болды.

Шара барысында өскелең ұрпаққа халықымыздың бай тарихынан сыр шертетін арнайы дайындалған кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар өлең оқып ,қазақтың туын биік көтерген хан Абылайға арналған көрініс көрсетілді. Кешті қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылап, шараның өтуіне атсалысқан мектеп ұжымы мен оқушыларға арнайы Алғысхаттар табысталды.

«АЖ ақпарат»

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!