Қарағанды қаласы, Спаск елді-мекенінде өткен VIII Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынындағы жарыс өз мәресіне жетті.Сайыстың қорытындысы бойынша Сыр өңірінің атыннан барған «Сыр Айбындары» командасы әскерилендірілген эстафетадан 3 – орынды иеленсе, команда мүшесі Жамсапқызы Ақпейіл пневматикалық винтовкадан атудан бас жүлдені жеңіп алды.