“Байқоңыр” Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” Акционерлік қоғамының басқарма мамандарымен тамыз айында өткізілген қоғамдық бақылаудағы кемшіліктер мен ескертпелердің орындалуына кайта бақылау жасалды.
Қоғамдық бақылауды облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қаршыға Есімсейітова, Азаматтық Альянс қызметкері Гүлзира Әбдірашитова және “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова жүргізді.
Тамыз айында жүргізілген қоғамдық бақылау барысында қала тұрғындарының өтініші бойынша дүкендер уақытылы жұмыс жасауы туралы жалға алушы кәсіпкерлерге жұмыс рижимі және демалыс күндерін сақтауға міндеттелген және де азық-түлік тауарларының кейбір атаулары баға орналастырылған стендтің іліну жұмыстары да жүргізілген. Ал әлеуметтік дүкеннің жанынан әжетхана орналастыру мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімдігіне заң аясында мүмкіндіктерін қарастыру мақсаты туралы “Байқоңыр” Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары хат жолданғаны туралы да айтты.


Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!