«Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Заңының2-бабының талаптарына сәйкес атқарушылық iс жүргізудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк істер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады және 32-бабының 1-тармағына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.

Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 93-бабының 3-тармағына сәйкессот орындаушысы борышкердiң жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндiрiп алушыға уақытында жiберiлуiне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға мiндеттi.

Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 125 бабында борышкер атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін» делінген.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау үшін көзделген.

«Қызылорда қаласының №1 мәжбүрлеп орындату

аумақтық бөлімі» филиалының

                                        мемлекеттік сот орындаушысы Г. Есентай                         

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!