И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агро-техникалық жоғарғы колледжінің мәжіліс залында «Қоғамдық кеңестің рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ерұлан Өмірсеріков, студентер мен оқытушылар қатысты. Қоғамдық кеңестің рөлі, мақсаты мен мүддесі туралы, «Ауылға» баратын жастардың мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша, облыстық қоғамдық кеңесте көтеріп жатқан мәселелер туралы айтылып, жастармен ашық сұхбат өтті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!