Никарагуалық бокс шолушысы Ле­ви Луна жылдың ең үздік нокаутта­ры­ның қысқа тізімін жасады.
Бұл тізімге британиялық Дэнни Дигнумды сұлатқан Жәнібек Әлімханұлының орында­уындағы нокаут та кірген екен. Жәнібек ол кезде қарсыласын екінші раундта құлатқан болатын. Осы жеңісінің арқасында ол WBO ұйымының “уақытша” чемпионы атанған.
Айта кетейік, жеңілмеген қазақстандық боксшының ендігі қарсыласы – британиялық Дензел Бентли. Жуырда ғана қос спортшы 12 раундтық жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгені белгілі болды. Лас-Вегастағы бұл бокс кеші 12 қарашада өтеді. Бентли 160 фунтта WBO тұжырымынша чемпиондыққа үміткерлер арасында 14-орында тұр, бірақ Әлімханұлы міндетті қорғау өткізбесе де болады.