Қызылорда қаласында «Көп қабатты тұрғын үйлердің жылуын қадағалау барысына байланысты» Ақмаржан 55-79 шағын ауданы, Жаппасбай батыр 70 көшелерінде қоғамдық бақылау өткізілді. Жылу маусымы басталғалы жылудың температурасы, қысымы аз болуына байланысты тұрғындардың әлеуметтік желілердегі өтініштерімен пәтер жылуын тексеру мақсатында облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қаршыға Есімсейітова, “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының үйлестірушісі Әбдіғапбар Перизат жүргізіп пәтер жылуын, жертөле құбырларды тексерді. Шара облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!