Фото: оқу-ағарту министрлігі

2024 жылы колледж студенттеріне 11 жаңа жатақхана салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпараты бойынша биыл колледж студенттері үшін 2,6 мыңнан астам төсек-орынға арналған тағы 11 жаңа жатақхана ашу жоспарланған. Бұл шаралар оқытудың табысты процесін қамтамасыз етуге және техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға бағытталған. 

Колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы ғана еліміздің тоғыз өңірінде 2,6 мыңнан астам орындық 13 жатақхана ашылды. Біз бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тағы 11 жаңа жатақхана іске қосылады. Қазіргі таңда олардың құрылысына инвесторлар тартылуда, – деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Қазір Қазақстандағы колледж студенттерінің 87%-дан астамы жатақханада тұру мүмкіндігіне ие.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!