Бүгін «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы орталықтар Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне арналған Қызылорда «Болашақ» университетіндегі ғылым аптасын бастады. Апталық әлеуметтік-саяси және құқықтық зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Библиографиялық және реферативті базалар: журнал таңдау және іздеу құралдары» тақырыбындағы вебинармен ашылды.

Вебинардың алғысөзінде библиографиялық және реферативті базалар қорының маңыздылығы жүйеленіп және олардың академиялық зерттеулердегі маңызы түсіндірілді. Аталмыш дерекқорлардағы журналдар, конференция материалдары, кітаптар және патенттер секілді ғылыми мәліметтердің жиналуы мен ұйымдастырылуы талқыланды. Әдебиеттерге шолу, дәйексөздерді талдау және зерттеу тенденцияларын қадағалауды жеңілдетудегі библиографиялық қор рөлі айтылып, журнал таңдау мен іздеу құралдары тәжірибелік түрде анықталды. Атап айтар болсақ, «Эльзевир» баспасының «Journal Finder», «Clarivate» компаниясының «Match Manuscript»,  «Taylor & Francis Group» баспасының «Journal Suggester», «Wiley» баспасының «Journal Finder», «SAGE Publishing» баспасының «Journal Recommender» және «ScienceGate» ресурсының «Journal Finder» құралдары арқылы мақалаларға журнал іздеу процесі көрсетілді.

Зерттеудің нақты бағыттары бойынша сәйкес әдебиеттерді анықтау үшін библиографиялық және реферативті базалар қорын тиімді пайдаланудың стратегиялары айқындалды. Іздеу сұрауларын нақтылау және мақсатты нәтижелерді алу үшін кілт сөзді таңдау және басқа да іздеу әдістерінің қажетті журналды табу жолдары дәйектелді. Іздеу сценарийлерінің мысалдары келтіріліп, дерекқордан іздеу кезінде туындайтын жалпы мәселелерді қалай шешуге болатындығына сараптама жүргізілді.

Ұйымдастырылған вебинарда библиографиялық және реферативті базалардың зерттеушілерге тиісті журналдарды тиімді таңдау және ғылыми прогреске ықпал ететін қуатты құрал ретінде пайдаланудың маңыздылығы көрсетілді. Вебинарда көтерілген бастамалар зерттеу мәдениетін нығайтуға және ғылыми қауымдастық ішіндегі ынтымақтастықты дамытуға қызмет етеді және еліміздегі ғылым мен инновацияның ілгерілеуіне ықпал жасайды. Вебинарды саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов өткізді.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!