Бүгінгі таңда мұғалімдердің тек сабақ беріп, дәріс   берумен   шектелуі   шәкіртті   қана­ғат­тан­дыра алмайды. Ұстаз өзінің ұйымдас­тыру­шы­лық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Сабақтан тыс уақытта түрлі пәндік білім бәйгелеріне дайындап, оқушының озат қырын ашуда ұстаздың орны ерек.

Биылғы оқу жы­лында мектеп оқушы­лары арасында абыройы­мызды асырып, жетістік төрінен табылған шәкірттер аз емес. Жараты­лыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде бақ сынаған 10 оқушының тең жартысы республикалық кезеңге жолдама алды. Қорытынды кезеңде Сыр елінің намысын жықпаған 2 оқушы жүлделі ІІ орын, күміс медаль иегері атанды. Олар – Нұрдәулет Бергенбекұлы мен Нұрлыхан Қақпан. «Ең үздік олимпиадалық мектеп-2021» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлаған қаладағы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты Сыр елінің мерейін тасытуда.

НАЗЕРКЕ ШАКИЕВА,

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының

11 сынып кураторы