«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін «Өркен» білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары қатыса алады. Ол үшін үміткерлер 12 қаңтар мен 21 ақпан аралығында келесі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізулері тиіс:

1.Конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2.Сауалнама;

3.Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4.Үміткердің 6-сыныптың I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

5.Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге жинақталып, қабылдау комиссиясына ұсынылады.

Құжат қабылдау комиссиясы Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс, 6 мекен-жайы бойынша дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, ал сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс жасайды. Үзіліс уақыты: 12.00-13.00.

Айта кету керек, келушілер ағымын реттеу үшін арнайы онлайн брондау қызметі іске қосылған. Бұл жүйе мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Онлайн брондау нұсқаулығы:

1. Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу https://kzl.nis.edu.kz/;

2.«Үміткерлерге» бөліміне кіру;

3.«Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;

4. Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;

5. Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;

6. Брондауды растау;

7. Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

Қабылдау комиссиясына құжаттарын ақпанның 21-не дейін толық өткізген үміткерлерге кешенді тестілеуге қатысу рұқсатнамасы беріледі. Кешенді тестілеу 2022 жылдың 14 және 15 сәуірінде өтеді. Бірінші күні үміткерлердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы, яғни математика, сандық сипаттамалар мен жаратылыстану пәндерді игеру қабілеті бағаланса, екінші күні – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест тапсырмаларын орындайды.

Тестілеу нәтижелері кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.

Байланыс телефондары: 8 (7242) 40 23 75, 40 23 77

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!