Облыстық білім басқармасының тарапынан аймақтық санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енгізу үшін бірқатар ұсыныстар жолданған болатын.

Берілген ұсыныстар мақұлданып, нәтижесінде бүгін жаңа қаулыға сәйкес, контингенті 600 оқушыға дейінгі облыс және аудан орталықтарындағы мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшіріледі. Ал 600-ден астам оқушысы бар қала мектептері қашықтықтан оқытылса, 600-ден астам оқушысы бар ауыл мектептері штаттық форматында жұмыс жасайтын болады.

Сонымен қатар мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып 1-2 сынып оқушыларына оқу офлайн форматта жүргізілетін болады.

Ал, колледж студенттері үшін аралас форматтағы оқу ұйымдастырылып, барлық лекциялар онлайн түрде жүргізіліп, практикалық, лабораториялық сабақтар штаттық режимде жалғасатын болады.

Айта кету керек, вакцина қабылдаған оқушылар мен студенттерді мектеп немесе колледж қабырғасында отырып білім алуына рұқсат етіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!