Қызылорда қаласында бой көтерген “Хазірет Осман” атындағы мешіт ашылды.

Қасиетті жұма күні өткен салтанатты рәсімге Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары, өңірге сыйлы азаматтар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Ашылу құрметіне ұйымдастырылған шара Құран аяттарымен басталып, жанашыр жандардың жүрекжарды лебіздерімен жалғасты. Мешіттің құрылысына атсалысқан азаматтар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды. Лентасы қиылып, жиылған жамағат алғашқы жұма намазын оқыды.

Айта кетейік, 2021 жылы Әл-Фараби тұрғын ауданында құрылысы басталған жаңа құтхана кәсіпкер Ербол Османбекұлының демеушілігімен жүргізілді. Сыйымдылығы 1200 адамға арналған.

IMG-20231111-WA0012.jpg
IMG-20231111-WA0011.jpg
IMG-20231111-WA0014.jpg

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!