Кейбір саясаткерлер халық қаржылық сауатсыздықтан қарызға батады дейді.
Шамамен 8 миллион қазақстандық банкке қарыз. Яғни, экономикалық белсенді адамның барлығының мойнында несие бар деп хабарлады turkystan.kz.
Осы және қоғамдағы өзге де өзекті тақырыптар Назарбаев Университетте талқыға түсті. Отандық һәм шетелдік ғалымдар «Жаһандық және жергілікті басқарудағы шекараларды кеңейту» конференциясында ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ конференцияда халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік басқару тиімділігі, миграция, интеграция, туризм және халық пен билік арасындағы диалог тақырыптары кеңінен қаралды.
«Кейбір саясаткерлер халық қаржылық сауатсыздықтан қарызға батады дейді. Халық табысы төмен болғаннан несие алуға мәжбүр. Жалақысының басым бөлігін тамаққа жұмсайды. Жаңылмасам, қазір тұрғындардың қарызы 14 триллион теңгеге жетті. Билік ғылыммен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын әл-ауқатына қарай салық салу туралы айтты. Алайда, өзгеріс жоқ. Жаңа экономикалық саясат құрсақ, алға басамыз. Әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, төмен жалақы, монополия, саяси күштердің, олигархтардың ықпалы сияқты «ауруларымызды» мойындауымыз керек», – деді экономист Қуат Акижанов.
Фото: NewTimes.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!