Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыста ақпараттық технологиялар мен цифрландыру бағытындағы жобаларды қолдау мақсатында жыл сайын ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдегі ІТ саланы дамытуға ниетті жастар үшін 17 мамырда «EdTech Hackathon Kyzylorda» облыстық IT жобалар хакатоны өтеді. Аталмыш байқаудың жай-жапсарын Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Алтынбекұлы баяндап берді.

– Облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан байқауға білім саласындағы IT жобалар қабылданады. Жоба мақсаты – стартап жобаларды одан әрі дамыту, талантты мамандарды іздеу, ақпараттық технологиялар, инновациялық және стартап жобаларды жарыққа шығару болып табылады. Үздік атанған жобаларға 500 000 теңге көлеміндегі қаржы беріледі. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталады. Хакатонға 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады және командамен қатысу мүмкіндігі қарастырылған, – деді Жанарыс Тубекбаев.

Осы жылғы хакатонның бір ерекшелігі әр саланың жобаларын толық зерттеу үшін әр бағытқа бөлек байқау ұйымдастырылады.

Айта кетейік, аталған байқауға www.kyzylordahub.kz тіркелу керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!