Адамзат өзінің өмірінің алғашқы күндерінен бастап табиғатты зиандай түсті, өркениеті күрделене түскен сайын біздің планетамыздыңды экологиялық жағдайы күрт өзгере бастады. Адамның табиғатқа тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын экологиялық проблемалар кәзіргі таңда жетіп артылады. Кәзіргі жаңа Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау мәселесі ерекше назарға түседі. Оған дәлер ретінде көптеген экологиялық жобалардың жүзеге асып жатқанын көреміз.
«5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арнайы және экология саласының құрылғанының 35 жылдығына орай мерекелік салтанатты шара өз деңгейінде өтті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Сақтағанов Нұрымбет Арал мәселесін алға тартып, мәселені қалай шешу керектігін тілге тиек етті. «Арал дағдарысы» – Арал бассейнінде өмір сүретін 35 млн. адамға әсерін тигізіп отырған, адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптардың бірі.
6 миллион гектардан асатын аумақ тұзды шөлге айналып,  атмосферасындағы тұзды тозаңның жиылуына себеп болды. Теңіз ұлтанынан жыл сайын тұзды шаң бұлттарын құрайтын ондаған миллион тонна ұсақ тұздың шаңы мен улы тұз, құм көтеріледі.  Бұл мәселені түбегейлі шешу бағытында 30 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанының Қазақстандық бөлігіне құм көшкініне тосқауыл қою мен экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 495 мың. гектар сексеуіл отырғызылды.”
Сонымен қатар, “Байқоныр”кешеніндегі халыққа да, табиғатқа да кері әсерін тигізетін «Протон» зымыран тасығыштарының ұшырылымын қысқартып, 2026 жылы оларды мүлдем ұшырмау  туралы шешім қабылданғаны жөнінде де айтылды. Мерейлі іс-шараның жалғасы аймақтың экологиялық ахуалының жақсаруына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттау рәсімімен өрбіді. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Вице-министрінің Алғыс хатымен, Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Құрманбаевты мерейлі 60 жасқа толуына байланысты құттықтауы сөзімен өз мәресіне жетті.

Айнұр ДОСЖАНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!