Ақмола облысында өрт салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін 5 мамырда Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр ауылында болған.

«Ақмола облысында өрттен жас отбасы қаза тапты. Түнгі сағат 03:54-те Краснояр ауылында бірінші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға Көкшетау қаласының №1 мамандындырылған өрт сөндіру бөлімшесі мен Садовое ауылындағы №29 өрт сөндіру бекетінің күш-құралдары жұмылдырылды», – деді ведомстводан.

Анықталғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтердің терезесінен 58 жастағы әйел мен оның жеті жасар немересі өз бетінше эвакуацияланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!