Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов бастаған делегация Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына арнайы жұмыс сапармен барды.

Басты мақсат – көршілес ауданнан қуаңшылық жағдайына байланысты шабындық жерлер алу және шөп сатылымын тұрғындарға тиімді бағада ұйымдастыру.

Осы ретте Ырғыз ауданының шаруашылықтарымен арнайы кездесу өткізіліп, бірқатар шаруашылық төрағалары аралдық шаруларға шабындық жерлерін ұсынды. Жиын барысында Ырғыз ауданының әкімі Ә.Әуелбаев Арал ауданындағы қуаңшылық мәселесіне өз алаңдаушылық анытып, барлық көмек жасалатындығын жеткізді.Сапар қорытындысымен Ырғыз ауданы, Жайсаңбай өңіріндегі шабындық жерлерде шөп шабу жұмысына ауданымыздан арнайы 14 бригада жұмылдырылатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!