ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасын реттеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағармай өндіру және оны бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады», – деді Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында. Бұдан бұрын хабарланғандай Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кеткенін айтты.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!