Ауыл шаруашылығы министрлігінде бизнес нысандарын қантпен қамтамасыз етуге қатысты кездесу өтті. Кездесуге Сауда министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері мен Қоғамдық тамақтану ассоциациясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

алқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне басымдық бере отырып қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгінгі күннің ішінде оларға қажетті қант көлемі айқындалатын болады.

Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізілетін болады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді», — деді кеңес соңында ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қант бағасының шарықтауына байланысты мыңдаған кәсіпкер банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Олар Ауыл шаруашылығы министрлігінен көмек сұрады. Айтуларынша, қазір кәсіптері пайда әкелудің орнына шығынға ұшыратқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!