Президент өз сөзінде карантин шараларын қамтамасыз ету және мемлекет мүдделерін қорғау кезінде заңдылықты сақтаудың маңыздылығына да мән берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы полиция мен санитарлық қызмет тарапынан олқылықтар жіберілетін болса, ондай жағдайда прокуратураға бірден қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы саласындағы түрлі алаяқтық әрекеттердің алдын алу қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі кезеңде біз экономикадағы жағымсыз үдерістерді жоюға күш салып жатырмыз. Осыған байланысты кейде Ұлттық қордың қаржысын жұмсауға тура келеді. Сондықтан бұл қаражаттың заңды және орынды игерілуі айрықша маңызды. Әсіресе, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыға ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ жалақы, зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелерін әрдайым бақылауда ұстау қажет. Бюджеттен бөлінген әр теңге мақсатқа сай жұмсалып, қоғамға пайда әкелуге тиіс, – деді Президент.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!