Жаңа жыл жақындап қалды, сондықтан мерекелік дастарқан туралы ойланатын уақыт келді, Sputnik Қазақстан. Қалтаға күш салмай, денсаулыққа зиян келтірмей өзіңіз бен отбасыңызға қандай мерекелік дастарқан жаюға болады?

Пайдалы оливьені қалай әзірлеуге болады

«Жаңа жылдық дастарқандағы дәстүрге айналған оливье салаты мен ұлттық тағам Еттің құрамы дұрыс тамақтанатын адамдар үшін өзгеруі мүмкін», – деді диетолог Катерина Шрай.

Мәселен, оливьенің құрамындағы кейбір ингредиентті пайдаланбауға болады, дейді маман.

«Шұжықты қайнатылған етпен, майонезді қаймақпен ауыстыруға болады. Қажет болса, тағамның гликемиялық индексін арттырмас үшін сәбізді қоспаңыз. Егер салатты толығымен ауыстыру керек болса, онда винегрет әзірлеңіз», – деді диетолог.

Етті немен алмастырған жөн

Жаңа жылда Ет асылып, қамыр жайылады. Бұл ретте диетолог Катерина Шрай ұлттық тағамдағы еттің әдетте майлы болатынын айтты.

«Бұл тағамды жеңілдету үшін тек майсыз етті қолдануға болады. Әрине, бұған барлығы келіспесі анық. Қой етіне қарағанда калориясы аз әрі тез қорытылатын жылқы етін пісірген жөн. Ал егер ұлттық тағамды басқа тамақпен алмастыру қажет болса, онда тауық еті, балық, көкөністен гарнир жасауға кеңес беремін», – деді Шрай.

Мерекеде өзіңді жақсы сезініп, асқазаныңа ауыртпалық түсірмеу үшін жаңа жылдық мәзірден қуырылған, майлы тағамдарды алып тастау қажет. Сондай-ақ, кондитерлік, шұжық өнімдері мен алкогольді шектеген жөн, дейді маман.

Мәзірге қандай пайдалы өнімдерді қосу керек

Диетолог дұрыс тамақтану кезінде жеуге және жаңа жылдық дастарқанға қоюға болатын азық-түліктің көп екенін айтты. Айталық, ет, балық, саңырауқұлақтан пісірілген, бұқтырылған немесе қайнатылған тағам болуы мүмкін.

«Жаңа жылдық дастарқанда маусымдық көкөністер мен жемістер болғаны жөн. Олардан әртүрлі салат, жеңіл тағам дайындауға болады. Ірімшік мерекелік дастарқанға сән береді», – деді ол.

Ал үйде әзірленетін тағамды азайтқан дұрыс, себебі оның құрамында көп мөлшерде қант болады, дейді диетолог.

«Сусындар туралы айтар болсақ, таза су, жаңа сығылған шырынды көбірек ішкен жөн. Қант қоспай жеміс-жидектерден үйде компот әзірлеуге де болады. Алкогольді ішімдіктен құрғақ шарап пен шампанды таңдаңыз», – деп қорытындылады диетолог.

Жаңа жылдық дастарқанға қанша ақша қажет

Мереке қарсаңында азық-түлік қымбаттайды, соған байланысты кей адам өнімдерді алдын ала сатып алуды жөн санайды. Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге. Бұл сомаға дастарқан жаюға бола ма, жоқ па, оны да біліп көрдік.

Қазірдің өзінде танымал супермаркеттер мен интернет-дүкендердегі баға әртүрлі. Мысалы, бір келі жылқы еті 2 500 – 3 700 теңге, сиыр еті 2 000 – 2 790 теңге, тартылған ет – 2 960 теңге, бройлер балапаны шамамен 700 теңге шамасында тұрады.

Салат үшін картоп (136-240 теңге), пияз (143 теңге),  сарымсақ (200 грамм – 372 теңге), қызылша (1 келі – 195 теңге), қызанақ (930 теңге және одан жоғары), қияр (1 555 – 2 145 теңге), сәбіз (218 теңге), жасыл бұршақ (319 теңге), консервіленген жүгері (314 теңге), Сулугуни ірімшігі (300 грамм – 690 теңге), қаймақ (515 теңге), ақжелкен (168 теңге), сары май (900 – 1 000 теңге) керек.

Мандариннің бағасы 800 – 2 000 теңге, алма 600 – 1 120 теңге, бананның келісі шамамен 500 теңге тұрады.

Бұл өнімнің барлығын алу үшін 21 мың теңге жұмсауға тура келеді. Алайда дүкендегі бағалардың әртүрлі екенін ескерген жөн. Бұл бағаға алкогольді және алкогольсіз сусындар есептелген жоқ. Жалпы алғанда, 42 500 теңгеге жаңа жылдық дастарқанды дәмді тағаммен толтыруға болады.