Қазақстан және Ресей эстрадасының жарық жұлдызы атанған әнші, сазгер Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына орай туған жері Сыр топырағында әншінің сахнадағы сәулелі сәттерін еске алу мақсатында «Отан – Ана» атты ІІІ Республикалық әншілер конкурсы өтеді. Саксафонмен сызылтып салған сазы талай жүректерді тербеген сырбаз сазгердің 60 жылдығына арналған конкурс екі кезеңнен тұратындығын хабарлаймыз!

Барлық Қызылордалықтар мен қала қонақтарын 17 – 18 мамыр аралығында облыс орталығы Қызылорда қаласында Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтетін конкурсты және 18 мамыр күні қалалық орталық алаңда өтетін гала – концертті тамашалауға шақырамыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!