Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айбары саналатын рәміздерді ұлықтауға арналған мерекелік бағдарлама “Домбыра – думан” атты жастар кешімен түйінделді.

Өнер аллеясында өткен шараға Сырдың белсенді жастары өнер көрсетіп, республика көлемінде танымал Марат Сүгірбай, Жарасхан Төлебай, Ақжол Түменбай, Айдар Сайлауов, Жәнібек Жақсан секілді сырбойылық өнерпаздар думанды жиынды қыздыра түсті.

Сонымен қатар “Еркін микрофон” аясында жиылған көрерменге өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік берілді.

Кештің арнайы қонақтары, эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина келіп, өнерпаздар ортасын толтырды. Тұрғындар алғыс айтқан жұлдызды жұп әннен шашу шаты.

Кеш соңында Қызылорда облысы жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Мүкей думанды кештің арнайы қонақтарына ыстық ілтипатын білдіріп, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекованың алғыс хатын табыстады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!