Иманбек Зейкенов «Billboard Awards» марапатын иеленді. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жариялады.
Иманбек әлеуметтік желідегі парақшасында «Қоржынға + 1» деп «Grammy» сияқты «Billboard Awards» марапатын алғанын хабарлады.
«Billboard Awards» марапаты – әртістерге музыкалық чарттардағы жетістігі үшін берілетін жүлде. Оны америкалық «Billboard» музыкалық баспа басылымы тағайындайды.
Диджейдің сөзінше, ол жүлдені Saint Jhn орындайтын «Roses» әнінің ремиксі үшін «Үздік би/электронды ән» номинациясы бойынша жеңіп алған.
Айта кетейік, 15 наурызда Иманбек Зейкенов музыка саласындағы аса беделді «Грэмми» сыйлығын иеленген болатын. Ол осы марапатқа лайық деп таныған ТМД елдеріндегі алғашқы әртіс.